МАКС-2009 халықаралық аэроғарыштық салонында AgustaWestland итальяндық компаниясының Ресей мен ТМД елдерінің аумағындағы эксклюзивті дистрибьютері Exclases Group ресейлік Тапсырыс берушіге жеткізілген VIP – жинақтамадағы AW109 екі қозғалтқышты тікұшағын көрсетті. Алдағы айларда Ресейде тағы екі ұқсас машина сатылады.

 

Авиасалон қатысушыларының итальяндық компанияның өніміне деген үлкен қызығушылығы 2012 жылы Ресейде келесі модель – AW139 итальяндық тікұшақтардың лицензияланған құрастырылуы өрістетілетіні туралы жарияланған жаңалықтан туындады.