2014 жылғы 4-6 қыркүйек аралығында Мәскеуде өткен Jet Expo іскерлік авиациясының 9-шы халықаралық көрмесінде Exclases Group Ресейде AW139 тікұшақтарға қызмет көрсету жөніндегі жаңа сервистік орталық жұмыс атқара бастағаны туралы жариялады. Ол жан-жақты сервистік қолдауды жүзеге асырады және Ресейде және Италияда өндірілген AW139 орташа тікұшақтарының түрлі модификацияларына техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

 

Сервис орталығын ашуға дайындық барысында HeliVert мамандары Италияда кешенді оқудан өтті және Росавиация комиссиясы жүргізген аудиттен кейін AW139 типті тікұшақтарға толық сервистік-техникалық қызмет көрсетуге рұқсат алды.

 

Exclases Group 2008 жылдан бастап Ресей нарығында Helivert шығарған тікұшақтарды алға жылжытуда. Атап айтқанда, AW139 тікұшағын түрлі жинақтамада – VIP, 12-15 орынды жолаушыларға арналған, медициналық эвакуациялауға, іздеу және құтқару қажеттіліктері үшін. Тікұшақтың крейсерлік жылдамдығы сағатына 306 км-ге жетеді, ұшу қашықтығы 927 шақырым, ал ұзақтығы 5 сағат құрайды.