2011 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында Мәскеуде Jet Expo 2011 іскерлік авиациясының 6-шы халықаралық көрмесі өтті, онда AgustaWestland – AW139 шығарған VIP-жинақтамадағы екі тікұшақ және Grand тікұшағы ұсынылды.
AgustaWestland тікұшақтарының эксклюзивті дистрибьюторы – Exclases тобы – ресейлік бизнес қауымдастығы мен журналистерді құрастырылуы келесі жылы Ресейде басталатын VIP-жинақтамадағы AW139-бен, сонымен қатар ең жылдам тікұшақ болып саналатын әйгілі Grand-пен таныстырды. Ол жылдамдықтың екі рекордына ие: АҚШ-тың шығысынан батыс жағалауына, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша ұшу кезінде. Ол тез және сенімді, өнімді және ыңғайлы, жеңіл класты екі қозғалтқышты машинаның нақты стандартына айналды.