Мәскеуде әлемнің 20 елінен 212 компанияны жинаған HeliRussia 2014 тікұшақ индустриясының 7-ші халықаралық көрмесі шеңберінде Exclases Group Ресейде шығарылған VIP-жинақтамадағы AW139 екі қозғалтқышты көп мақсатты тікұшағын ұсынды.

Экспозицияны РФ президентінің әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин, РФ Мемлекеттік Думасының өнеркәсіп жөніндегі комитетінің төрағасы Сергей Собко, өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Юрий Слюсарь, «Ростехнология» МК бас директорының бірінші орынбасары Владимир Артяков, «ОПК «Оборонпром» ААҚ бас директоры Дмитрий Леликов, «Вертолеты России» ААҚ бас директоры Александр Михеев, ФМУК «ЦАГИ» бас директоры Борис Алешин, Тікұшақ Индустриясы Қауымдастығының Басқарма төрағасы Михаил Казачков және басқа да ресми тұлғалар тамашалады.