Тікұшақ индустриясының 6 – шы халықаралық көрмесінің басты оқиғаларының бірі Ресейде «Ресей тікұшақтары» ААҚ мен AgustaWestland-тың «HeliVert» БК-да жиналған алғашқы AW139 көп мақсатты тікұшағының тұсаукесері болды.
Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров көрмені ашқан кезде: «Біз сіздермен бірге жаңа жобалардың – ең алдымен AgustаWestland-пен бірлескен жобаның құрылғанына куә болдық», – деп атап өтті. AgustaWestland компаниясының өкілдері Чезарио Каччи мен Альберто Понтиге зор еңбектері үшін «Ресей Федерациясының құрметті авиақұрылысшысы» құрмет белгісі берілді.
Брифинг барысында AgustаWestland өкілдері осы жылғы маусым айында ресейлік құрастырудың алғашқы AW139 екі көлікке тапсырыс берген клиентке жеткізілетінін хабарлады. Екіншісі оған күзде беріледі. Бірінші тапсырыс шеңберінде барлық тікұшақтар VIP-жинақтамада дайындалады және кез келген ауа райы жағдайында ұшуды орындауға мүмкіндік беретін толық мұз қатуға қарсы жүйемен жабдықталады.
HeliRussia 2013 іскерлік бағдарламасы да табысты болды: көрменің бірінші күні Ресейдегі AgustaWestland тікұшақтарының эксклюзивті дистрибьюторы – Exclases Group компаниясы – AW139 ресейлік құрастырылған бес тікұшақты жеткізуге жаңа келісімшартқа қол қойды. Машиналар VIP және тасымал конфигурациясында жеткізіледі.
AW139-дан басқа, HeliRussia 2013 экспозициясында корпоративті көлік, жаттығу ӘК, сондай-ақ қызметтік миссиялар үшін-құқық қорғау, патрульдеу ретінде пайдалануға болатын AW119 Koala тікұшақ ұсынылды.