19-21 мамырда Мәскеуде өткен HeliRussia 2011 тікұшақ индустриясының 4 – ші халықаралық көрмесінде AgustaWestland өзінің эксклюзивті дистрибьюторы – Exclases компаниясымен екі AW139-ды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Exclases аса маңызды тапсырыс берушілерінің бірі – үкіметтік авиаотряд үшін екі AW139 тікұшағын жеткізуге келісімшарт жасасқан «Ресей» авиакомпаниясы.
Сондай-ақ, HeliRussia көрмесінде AW139 тікұшақтарға техникалық қызмет көрсететін өндіруші уәкілет берген алғашқы орталығының пайда болуы белгілі болды. Ол HeliClub сауда маркасымен жұмыс істейтін Мәскеу маңындағы «Авиасервис» тікұшақ операторының қуаттылықтарында құрылған.
Компанияның стендін Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Сергей Иванов бастаған ресми делегация тамашалады. Экспозицияны сондай-ақ РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары Андрей Дементьев, РФ Президентінің Волга федералды округіндегі өкілетті өкілі Григорий Рапота, РФ Үкіметі жанындағы әскери-өнеркәсіптік комиссия төрағасының бірінші орынбасары Юрий Борисов, РФ Көлік министрінің орынбасары Валерий Окулов, РФ Қорғаныс Министрлігі Әскери авиацияны жауынгерлік қолдану орталығының бастығы, генерал-майор Александр Черняев, Тікұшақ Индустриясы Қауымдастығының президенті, Ресей Батыры Сергей Михеев, «ОПК «Оборонпром» Бас директоры Андрей Реус, «Ресей тікұшақтары» ААҚ бас директоры Дмитрий Петров, Тікұшақ Индустриясы Қауымдастығының Басқарма төрағасы Михаил Казачков және басқа да ресми тұлғалар қарады.