2010 жылғы 20-22 мамыр аралығында HeliRussia 2010 тікұшақ индустриясының 3-ші халықаралық көрмесінде Exclases Holdings екі тікұшақты – AW109-ды және AW139-ды ұсынды, соңғысын ресейлік көрермен бірінші рет көрді.
Компанияның стендін РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, РФ Көлік министрінің орынбасары Валерий Окулов, «ОПК «Оборонпром» бас директоры Андрей Реус, тікұшақ Индустриясы Қауымдастығының Басқарма төрағасы Михаил Казачков және басқа да ресми тұлғалар тамашалады.
HeliRussia 2010 жұмысының бірінші күні AgustaWestland және «ОПК «Оборонпром» ААҚ Ресейде AW139 итальяндық тікұшақтарын құрастыру орталығын салуға техникалық тапсырмаға қол қойды. Құжатқа AgustaWestland-тың атқарушы директоры Джузеппе Орси және «ОПК «Оборонпром» ААҚ бас директоры Андрей Реус қолтаңбаларын қойды.