2019 жылғы 16-18 мамыр аралығында Мәскеуде HeliRussia тікұшақ индустриясының XII халықаралық көрмесі өтті. 20 елден келген 234 компания қатысқан ауқымды іс-шараның ұйымдастырушысы Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі, ал серіктестердің бірі Exclases Group компаниялар тобы болды.

AW139 VIP-жинақтамада ұсынылған Exclases Group стендін Федерация Кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Кожин, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Олег Бочаров, Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Александр Юрчик, Федералдық әуе көлігі агенттігі басшысының орынбасары Олег Сторчевой, Ресей ФСБ авиация басқармасының бастығы Борис Данилов, ОАК Президентінің Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі Борис Алешин, «Ресей тікұшақтары» холдингінің бас директоры Андрей Богинский, сондай-ақ тікұшақ Индустриясы Қауымдастығының Басқарма төрағасы Михаил Казачков тамашалады.

 

HeliRussia 2019 іскерлік бағдарламасы аясында Exclases Group аэромедициналық модулі көрсетілген «Ресейдің санитариялық авиациясы және медициналық эвакуация» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ол AW139-дың кең салонының ішіне 3 зембілді орнату арқылы 5 медицина қызметкеріне жайлы жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Модуль тұрақты электрмен жабдықталғанының арқасында медициналық құралдырдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін етіп жасалған, және оның ыңғайлы бөліктері оттегі баллондарын қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік береді.

 

Кездесуге қатысқан дәрігерлер жедел медициналық жәрдемді жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Exclases Group ұсынған автономды аэромедициналық модульді жоғары бағалады.