Жаңа технология

Leonardo Helicopters өз клиенттеріне ерекше, жоғары технологиялық өнімді ұсынады. Leonardo Helicopters тікұшақтары қауіпсіздіктің, сенімділіктің, жайлылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Маңызды фактор – бұл технологияның қарапайымдылығы және планетамыздың ең қатал климатында жұмыс істеу мүмкіндігі.

Орташа екі қозғалтқышты AW139 өз класында кешенді мұз басуға қарсы жүйесімен жабдықталған жалғыз тікұшақ болып табылады. 2010 жылдың ақпан айында осы жүйе үшін EASA сертификатын алуы AW139-дың қатал ауа-райы жағдайында бірегей пайдалану мүмкіндіктерін көрсетеді. Жайлылық, жылдамдық, қашықтық көрсеткіштерінің, А санатына сәйкес ұшу және қону мүмкіндігінің арқасында AW139 заманауи тікұшақ құрылысының даму тәжін өзіне алады.

Жеңіл екі қозғалтқышты Grandnew – бұл SVS, HITS, HTAWS жүйелерімен жабдықталған жалғыз тікұшақ. Үш өлшемді рельефті жобалау, тұман, қараңғылық, бұлт, шаң жағдайында ұшу кезіндегі кедергілер туралы хабардарлықты арттыру арқылы Grandnew кез-келген ауа-райында ұшуға қабілетті. Тікұшақта іске асырылған “Шыны кабина” қағидаты экипажға жүктемені барынша азайтуға, шолуды жақсартуға және барынша қауіпсіз және жайлы ұшуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Leonardo Helicopters сонымен қатар тікұшақ жасаудың жаңа бағыттарын белсенді дамытуда. BA609 конвертоплан турбопропты ұшақ пен тікұшақтың мүмкіндіктерін біріктіреді. Сіз бизнес-джетте ұшып, тікұшақ алаңына қонасыз. Жылдамдықтың, қашықтықтың, қауіпсіздік пен жайлылықтың бірегей сипаттамалары, әлемдік тікұшақ индустриясының дамуының жаңа кезеңі.

СБүгінгі таңда Leonardo Helicopters AWFamily бөлімінің тікұшақтарын дамытуға басымдық береді: AW139, AW169 және AW189. Инновацияларды одан әрі енгізу және қауіпсіздікке баса назар аудару Leonardo Helicopters-тің әлемдік тікұшақ жасау индустриясының технологиялық көшбасшысы ретіндегі рөлін күшейтуге арналған.

BA609