AW119Kx

AW119Kx – a119Кoala негізінде құрастырылған тікұшақтардың жаңа буыны.
AW119Kx операциялық шығындардың төмен деңгейін сақтай отырып, қауіпсіздіктің, өнімділіктің, тиімділіктің және сенімділіктің теңдессіз көрсеткіштерін көрсететін бір қозғалтқышты тікұшақтарды жетілдірудің шыңы болып табылады. Кең кабинасы әр түрлі миссиялар үшін салонды тез өзгертуге мүмкіндік береді. Әмбебаптылығы мен жоғары экономикалық тиімділігі осы тікұшақты кең ауқымды міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жеке меншік иелері мен корпоративті тапсырыс берушілер ұшқыштар кабинасынан бөлек орналасқан «клубтық» салонының жайлылығының жоғары деңгейін бағалай алады. Кең, ыңғайлы орналасқан багаж бөлімінде 150 кг-ға дейін багаж ыңғайлыстыруға болады. Үлкен пайдалы жүктеме мен ұзақ қашықтық арқасында теңіз операциялары үшін тікұшақты сәтті пайдалануға болады.
Іздеу-құтқару/ медициналық конфигурациясында тікұшаққа екі жұп зембілді, барлық қажетті жабдықтарды және екі медицина қызметкерлерін ыңғайлы орналастыруға болады.

Операциялық шығындарын, тиімділігін және ұшу сипаттамаларын салыстырған кезде AW119Kx тақылеттес модельдерден үлкен деңгейде асып түседі.

Корпоративтік / VIP

AW109 екі қозғалтқышты тікұшағының көлеміне тақылеттес кең салонның арқасында AW119Kx 5-7 жолаушыны, сондай-ақ бөлек орналасқан багаж бөлігінде багажды ыңғайлы және жылдам тасымалдай алады. Leonardo Helicopters өз тапсырыс берушілеріне интерьер мен экстерьерлер дизайнының кең таңдауын, сондай-ақ ерекше талғампаз тапсырыс берушілер үшін жеке шешімдерін ұсынады.

Іздестіру-құтқару және медициналық жұмыстары үшін (EMS / SAR)

Тасымалдау нұсқасынан медициналық нұсқаға ауысатын салонның бірегей құрастырылуы екі жұп зембілді, екі медицина қызметкерлерін, жолда пациенттерге күтім жасау үшін қажетті жабдықтарды орналастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ зардап шеккендерге толық қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Өрт сөндіру үшін

AW119Kx стандартты өрт сөндіру себетімен немесе 323 Fire Attack System (designed by Simplex). арнайы әзірленген инновациялық өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы мүмкін. Бұл жүйе өртпен күресуге ұшу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Орнату және алу ерекше құралдарды қолданбай 15 минут ішінде жүргізіле алады.

Құқықтық тәртіпті сақтау үшін

Тапсырмалардың ерекшелігін ескере отырып жасалған құқық тәртібін сақтауға арналған AW119Kx арнайы жабдықтамасы инфрақызыл FLIR / LLTV камераларымен, прожектормен, динамиктермен және қону ілмектері сияқты арнайы жабдықтармен жабдықталуы мүмкін.

Жағалау аймағында тасымалдау үшін

AW119Kx теңіз бұрғылау платформаларына арналған жабдықтамада теңіз операцияларын орындау кезінде авиациялық техникаға қойылатын қатаң талаптарға толық сәйкес келеді. Оның тікұшақтың өз класындағы тікұшақтар арасында ең үлкен салоны мен жүк салу бөлімшесі бар. Бұл миссияны орындау үшін AW119Kx кондиционермен, SAS жүйесімен, TAS жүйесімен және ELT авариялық радиомаягымен жабдықталуы мүмкін.

AW119Kx / Авионика

  • 3 осьтік автопилот
  • ELT
  • Garmin G100H (TM) Integrated Flight Deck
  • 2 СК дисплейдері
  • Жермен соқтығысу туралы ескерту жүйесі
  • SD картасы арқылы ұшу деректерін жүктеу

AW119Kx / Техникалық сипаттамалары

 

Салмақтық сипаттамалары
Ең жоғары ұшу жүктемесі (ішкі жүктеу)2 850кг
Ең жоғары ұшу жүктемесі (сыртқы аспадағы жүк)3 150кг
Бос тікұшақтың салмағы1 680кг
Күш қондырғысы (Pratt & Whitney PT6B-37A)
Ең жоғары ұшу қуаты1 002л.с.
Ең жоғары ұзақтық қуаты 872л.с.
Трансмиссия қуаты
Ең жоғары ұшу қуаты 917л.с.
Ең жоғары ұзақтық қуаты 900л.с.
Отын мөлшері
3 бактық жүйе 484кг
4 бактық жүйе 568кг
5 бактық жүйе 696кг
Экипаж
Ұшқыш / Жолаушылар1-2 / 7-6
Ұшу-техникалық сипаттамалары (ISA, 2850 kg / 5622 lb )
Ең жоғары дағдылы жылдамдық ( S.L.) 243км/ч
Ең жоғары ұшу қашықтығы (5 бактық жүйе) 954км
Шапшаң ұшып көтерілушілігі (S.L.) 9.1м/сек
Іліну биіктігі IGE3 352м
Іліну биіктігі OGE2 225м
Практикалық ұшу шегі4 999м
Ұшудың ең жоғары ұзақтығы (5 бактық жүйе)5 ч 20 м

 

Техникалық және пайдалану сипаттамаларын өндіруші алдын ала ескертусіз өзгерте алады.
Суреттер қосымша жабдықтамаға кіретін және қосымша сертификацияландыруды қажет ететін жабдықты көрсете алады.

Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса, кері байланыс формасын қолданыңыз